EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанаты қашан өтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанаты қашан өтетіні белгілі болды © Тұрар Қазанғапов

EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанаты қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанаты қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"НК" Астана ЭКСПО-2017" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, көрменің ашылу салтанаты 2017 жылдың 9 маусымында өтеді.

"Көрменің ашылу салтанаты 2017 жылдың 9 маусымына жоспарланған. Іс-шара көрме аумағында өткізіледі", - делінген компанияның редакция жолдаған сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ, компанияның баспасөз қызметіндегілер салтанатты шараның ашылу мен жабылу кешіне билеттердің қанша тұратыны әзірше белгіленбегенін айтты. Айта кетейік, көрме кезінде Геннадий Головкинның бокс кеші өтуі мүмкін.

Осы жылдың 10 маусымынан бастап EXPO-2017 көрмесінің билеттері сатылымға шыққан болатын. Билеттерді tickets.expo2017astana.com сайтынан сатып алуға болады. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, билет бағасы - 6 мың теңге, ал демалыс күндері билеттердің бағасы 8 мың теңге болады.

Еске сала кетейік, EXPO-2017 көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети