EXPO-2017 көрмесінің бойтұмарына арналған конкурс басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXPO-2017 көрмесінің бойтұмарына арналған конкурс басталды ©ortcom.kz

Қазақстанда EXPO-2017 халықаралық көрмесінің бойтұмарын анықтауға арналған конкурс жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда EXPO-2017 халықаралық көрмесінің бойтұмарын анықтауға арналған конкурс жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Компанияның хабарлауынша, көрменің маскоты, яғни бойтұмары кез келген жанды және жансыз кейіпкер бола алады. Басты талап - "Болашақ энергиясы" тақырыбына сай болу. Сондай-ақ оның бойында қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі көрініс тапқан жөн. Көрме бойтұмарына қатысты барлық жұмыстарды [email protected] электронды мекенжайына жіберуге болады.  Қабылдау науқаны бір ай - 20 мамыр мен 20 маусым аралығында жүргізіледі. Соның ішінен жеті үздік жоба іріктеледі. Ал жеңімпаз дауыс беру арқылы анықталады.

Осы орайда айта кеткен жөн, бүгін елордада басталған VII Астана экономикалық форумында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Талғат Ермегияев шілде айында "EXPO-2017" туының Қазақстанға ресми түрде табысталатынын жеткізді. Оған дейін арнайы тіркеу құжаттары қабылдануы шарт.   

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети