EXPO-2017 көрмесіне орай Астана ІІД штаты ұлғайтылады

30 Қыркүйек 2014, 13:36
0
EXPO-2017 көрмесіне орай Астана ІІД штаты ұлғайтылады - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

EXPO-2017 көрмесінің өткізілуіне байланысты Астана қаласы ішкі істер департаментінің штаты ұлғайтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаевқа сілтеме жасап.

"Біз EXPO-2017-ні өткізудің қауіпсіздігі бойынша тұжырымдама жасап шығардық, республикалық штаб құрылды, оған күш құрылымдары өкілдері енді. Біз көрме кезінде қоғамдық тәртіпті күзетуге тікелей қатысатын Астана ІІД штатын ұлғайту жөнінде ұсыныс енгіздік. Бүгінде республикалық бюджет комиссиясы қалалық ІІД штат санын 1187 бірлікке көбейтуді мақұлдады. Биыл 229 бірлік, 2015 жылы 200 бірлікке көбейтіледі, қалған 987 орын 2016 жылы бөлінеді", - деді Тұрғұмбаев Мәжілісте EXPO-2017 көрмесіне дайындық барысы туралы отырыста.

Оның айтуынша, EXPO-2017 нысандарында қызмет атқаратын патруль полициясына басымдық берілетін болады. "Жеке құрамға ағылшын тілін оқыту мәселесі қарастырылады. Бұған қоса, туристер келетін және орналасатын орындарда - вокзал маңы аумақтарында, әуежайларда біздің қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады", - деді ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай