07 қараша 2014 | 17:32

EXPO-2017 нысандары үшін құрылыс материалдары Қарағанды облысынан алынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

EXPO-2017 нысандарына арналған құрылыс материалдарының кейбірі Қарағанды облысынан әкелінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

EXPO-2017 нысандарына арналған құрылыс материалдарының кейбірі Қарағанды облысынан әкелінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев Қарағанды облысына барды. "Жұмыс сапары барысында ұлттық компания басшысына Қарағанды облысының құрылыс индустриясы саласындағы орасан зор мүмкіндіктері көрсетілді. Көрмеде 43 түрлі компания өз жетістіктерін, атап айтқанда, темірбетон мен бетон құрылғылары, жылыту материалдары, үнемді жарық беру құралдары сияқты салалардағы ұсыныстарын қойды", - делінген баспасөз парағында. 

Делегация мүшелері көрмеден соң Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жүргізген жиналысқа қатысты.

"Бүгінде ұлттық компанияда көрмеге шағын және орта бизнесті барынша белсенді тарту мақсатында жұмыстар атқарылуда. Аймақтардағы бизнес қауымдастықтармен кездесу жоспарлары жүзеге асырылуда. Қоғамдық тамақтану, электронды коммерция, мейманханалар мен туристік бизнес, концерттер мен ойын сауық шараларын өткізу бойынша қызмет түрлерін кәсіпорындардан алу механизмдері жасалған", - деді "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы сәулет департаментінің бас менеджері Айдар Марат.

Облыс әкімдігінің өкілдері EXPO-2017 көрмесінің дайындығы мен оны өткізудегі осы өңірдің мүмкіндіктері туралы өз баяндамаларында толыққанды айтып берді.

Көрме кешенін тұрғызуға отандық бизнесті тарту мақсатында ұлттық компания өңірлерге барып, бизнес-қауымдастықтармен кездесулер өткізіп жүр. Осылайша Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарымен серіктестік туралы меморандумдарға қол қойылды. Ал бүгін еліміздегі инфоқұрылымы дамыған ірі өндірістік аймақ – Қарағанды облысымен меморандумға қол қойылды. "Астана ЭКСПО-2017" компаниясы үшін бұл өңірдің аумақтық жағынан Астанаға жақын орналасқандығы да маңызды рөл атқарып отыр.

"Құжатта EXPO-2017 көрмесіне шағын және орта бизнесті тартудағы нақты шаралар жазылған. Меморандум нәтижесі EXPO-2017 нысандарының бас мердігерлерінің жергілікті тауар өндірушілермен келісім бекітуі болды. Атап айтқанда, "АБК Құрылыс-1" және "Базис ҚК" компаниялары "Имсталькон" Қарағанды металл құрылғылары зауытымен, Power beton ЖШС-мен (темірбетон өндірушілер), Smarttex.kz ЖШС-мен (арнайы киімдер тігу), Textile service ЖШС-мен (белгілерді маталарға түсіру),  Гартекс ЖШС-мен (өрт сөндіру және қауіпсіздік жабдықтарын орналастыру) және "ВЕНТЭКО" ЖШС-мен (желдеткіш және жылыту құрылғылары) келісімге отырды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети