EXPO-2017 нысандарында қауіпсіздік сақталады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Владимир Божко. ©Марат Әбілов Владимир Божко. ©Марат Әбілов

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкоға EXPO-2017 нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Владимир Карпович, Сізден тиісті мүдделі органдармен бірге бұл мәселені мұқият ойластыруды сұраймын. Біз комиссияның келесі отырысында EXPO-2017 нысандарына қатысты соңғы шешім қабылдауға тырысуымыз қажет", - деді Бақытжан Сағынтаев Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа мәжілісі барысында. Владимир Божко Астанада мамандандырылған халықаралық көрмені өткізу кезінде нысандардағы өрт қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететінін журналистерге түсіндіре келіп, "Біз бұған дейін EXPO-2017 инфрақұрылымын қорғауға кепілдік беретін екі қосымша өртсөндіру депосының құрылысын салу жөнінде ұсыныс енгіздік. Екі депо ғана емес, сонымен бірге, бұл нысандарға Төтенше жағдайлар министрлігінің басқа да инфрақұрылымын жайғастыратын боламыз", - деді. Божконың айтуынша, нысандарда бой көтеретін құрылымдар өрт болуы мүмкін жағдайларды автоматты түрде бақылаудың қазіргі заманғы құралдарын пайдаланумен, қауіпті учаскелерде инспекторлардың тікелей араласуымен, бұқаралық шаралар кезінде қауіпсіздікті сақтауға арналған күш пен құралдарды енгізумен байланысты. Министр бұл жұмыстар кестесіне сай жүргізіліп жатқанын айтты. "EXPO-ға дейін көп уақыт бар сияқты көрінуі мүмкін, бірақ біз уақыттың тез өтетінін білеміз. EXPO-2017 үшін барлық қажетті жұмысты қолға алдық деп ойлаймын", - деді министр. Еске сала кетейік, өткен желтоқсан айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Астанада өтетін EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған болатын. Үш жылдан соң өтетін бұл көрмеге 5 млн-ға жуық адам келеді деген жоспар бар.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro