16 сәуір 2015 | 11:06

EXPO-2017 тақырыбы барша адамзат үшін өзекті - Латвия президенті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2015 жылы 15 сәуірде ЕХРО-2017 Комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Латвия Республикасына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2015 жылы 15 сәуірде ЕХРО-2017 Комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Латвия Республикасына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар барысында Жошыбаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға шақырудың түпнұсқасын табыстады. Өз кезегінде Латвия Президенті Андрис Берзиньш елдің ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға асқан қызығушылығын білдіріп, көрме тақырыбының барша адамзат үшін өзектілігін атап өтті және Латвияның баламалы қуат көздері саласындағы жаңа ізденістерімен таныстыруға дайын екенін жеткізді.

"Сауда-экономикалық серіктестік, туризмді дамыту, виза тәртібі мен екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасы мәселелері Латвияның экономика министрлігінде талқыланды. Парламенттік хатшы Путра Латвияның қалпына келтірілетін энергетика саласындағы айтарлықтай әлеуетін атап өтті, соның арқасында қазіргі таңда елдің шамамен 36 пайыз қуаты өндіріледі. Кездесуде ЕХРО-2017 көрмесі таныстырылып, оған қатысу шарттары ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша  "ЕХРО-2017" ҰК" АҚ және латвиялық туристік агенттер мен операторлар қауымдастығы арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды (ALTA)", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, форум аясында Латвияда оқитын қазақстандық студенттер ЕХРО-2017 көрмесін қолдауға арналған флэшмоб ұйымдастырды.

Айта кетейік, бұған дейін Румынияның Астанадағы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын растағаны хабарланған болатын. Герваси Румыния Халықаралық көрмелер бюросының қалаушы-мүшесі ретінде халықаралық көрмелердің тұжырымдамасы мен мағынасын қолдап, Қазақстанның халықаралық көрмелер дамуына қосатын зор үлесін жоғары бағалайтындығын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети