"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ халықаралық көрменің ашылуы 4 маусымда басталады деген жалған хабар таратушыларды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ халықаралық көрменің ашылуы 4 маусымда басталады деген жалған хабар таратушыларды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2017 жыл 4 маусымда көрменің ашылу салтанатына негізгі даярлық өтеді. Алматылық жұлдыздардың қатысуымен концерт өтеді, павильондар ашық болады. Шара сағат 15:00-ден 21:30-ға дейін болады. Кіру тегін және ересектер мен 10 жастан асқан балалар ғана кіре алады. Ал көрменің толық ашылуы 2017 жылдың 9 маусымында сатылымда жоқ шақыру билеттерімен келген ресми тұлғалардың қатысуымен өтеді. Сондықтан демалыс күні қыдырғыларыңыз келсе, концерт тамашалауға келіңіздер", - делінген хабарламада.
Tengrinews.kz тілшісіне білгілі болғандай, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы жалған хабарламаларға қатысты қылмыстық іс қозғауды сұраған.
4 маусымда тұрғындар көрме аумағына кіре алмайды. Ашылу салтанатына дайындық бұған дейін де болған, болады да, бірақ, қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуынсыз.
Мұның алдында Tengrinews.kz тілшісі Cirque du Soleil тобының дайындығында болған еді.
Еске салайық, 9 маусымда EXPO-2017 аумағындағы Конгресс орталықта көрменің ашылу салтанаты өтеді. Ашылу кезінде жарық шоуы және үлкен отшашу болады. Көрме үш ай бойы өтеді және 115 ел мен 18 халықаралық ұйым қатысатынын растаған болатын.