EXPO-2017 аумағында көпір құрылысының құлауына құрастыру технологиясының дұрыс жүрмеуі себепкер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
EXPO-2017 аумағында көпір құрылысының құлауына құрастыру технологиясының дұрыс жүрмеуі себепкер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтың айтуынша, бүгінде металлға жасалған сараптама қорытындысы шықты. Сараптама күрделі болғандықтан, ол ұзақ уақытқа созылған.
"ЭКСПО павильонындағы көпір құрылысына құрыш металл пайдаланылған. Алдын ала айтсақ, монтаждау жұмыстарын жүргізгенде тиісті талаптар сақталмаған. Көпір соның салдарынан құлаған. Қазіргі уақытта құрылыс-техникалық сараптама жүргізілуде. Осы сараптама қорытынды бойынша нақты шешім қабылданады" - деді ол.
Осыған дейін ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов құрастырманың құлауы бойынша жүргізілген тергеудің қорытындысын жария еткен. "Бұған дейін металл нашар болған деп айтып жатты, бірақ металл дұрыс болған, балқытып біріктірушілер дұрыс жұмыс жүргізбеген", - деген еді ол Сенаты отырысының үзілісінде.
Кейін EXPO мердігер компаниясының өкілдері ҚР ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымовтың мәлімдемесіне қатысты пікірін білдірген. Олар тергеудің әлі аяқталмағанын айтқан еді.
Еске салайық, өткен жылдың 16 қарашасында сағат 13.30-да Халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында екі павильон арасын жалғайтын декоративтік көпір құрылысы құлаған болатын.