07 желтоқсан 2016 | 13:52

EXPO және Almaty Towers-те болған оқиғалар бақылаудың жоқтығынан - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXPO және Almaty Towers-тегі оқиғалар елдегі құрылыс ғимараттарына бақылаудың жоқтығы проблемасын жаңа деңгейге көтерген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

EXPO және Almaty Towers-тегі оқиғалар елдегі құрылыс ғимараттарына бақылаудың жоқтығы проблемасын жаңа деңгейге көтерген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев хабарлады.

"Бүгінде зәулім ғимараттардың қауіпсіздігі, күрделі құрастырмалардың қауіпсіздігі техникалық ережелермен де, құрылыс нормалары мен ережелерімен де, бақылау органдарымен де қамтамасыз етілмейді. Бақылау органдары ештеңені де тексере алмайды, ештеңені бақылай алмайды, қауіпсіздік деңгейі төмен ғимараттарда ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік деңгейі жоғары нысандарда да бақылау жоқ. Бұл ірі жүйелі проблема", - деп мәлімдеді депутат Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.

Оның айтуынша, EXPO аумағындағы құрастырманың опырылуы мен Almaty Towers ғимаратындағы өртпен қатар, Астана мен Алматыда ғана емеес, басқа да қалалар мен елді мекендердегі соғылып жатқан ғимараттардың сапасы мен қауіпсіздігін бүгінде ешкім бақылап отырған жоқ.

"Батут орталығының (Almaty Towers - авт.) иесінің қорғаушылары ғимаратты ешкімнің тексермегенін мәлімдеді. Өрт сөндіру қызметі тексермеген, мұны есіктің құлыпталып қалғанымен дәлелдеуге болады, өрт қауіпсіздігі ережесі сақталмаған, ал олар қазіргі біздің нормалармен тексере алар еді. Мұнда мәселе бір ғана жобалаушыны тексермеу жайында, жоғары және орташа деңгейлі қауіпсіздігі бар нысандардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылаудың жүйесін қайта қарау керек", - деді Перуашев.

"Ал EXPO-ға келсек, жобаның жаңа бір сараптамасы өткізіледі, құрастырманы бекіту бойынша техникалық мәселелер қаралады, себебі бұл кезеңде барлығын толықтай қайта соғу мүмкін емес. Әрине, аяз түсті, қысым металға түскен шығар, бұл мәселені шешуге болатынына сенімдімін, әрине, қосымша шығындар енгізу керек, бірақ барлығы қалыпты жағдайда деп сенемін", - деді депутат Айқын Қоңыров. Ол "Астана ЭКСПО-2017" ҰК батқан шығынды жобалаушы компания өтеп беруі тиіс екенін айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети