EXPO мұрасы: Алматыда қоқыс сұрыптайтын жоғары технологиялы кешен іске қосылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматының Алатау ауданында қуаты жылына 550 мың тонна тұрмыстық қатқыл қалдықтарды өңдейтін қоқыс сұрыптау кешені іске қосылды, соның арқасында полигонда тек қана инертті қауіпсіз және биоірігіш материалдар көмілетін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының Алатау ауданында қуаты жылына 550 мың тонна тұрмыстық қатқыл қалдықтарды өңдейтін қоқыс сұрыптау кешені іске қосылды, соның арқасында полигонда тек қана инертті қауіпсіз және биоірігіш материалдар көмілетін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кәсіпорында қайта өңдеу үшін 50 мың тоннаға дейін картон, целлофан, әйнек, пластика, металл сияқты заттар сұрыпталады. Болашақта кешен жанынан шикізаттарды екінші қайтара терең өңдеу үшін қосымша қуаттарды жасау жоспарланған. Осының барлығы және қалдықтарды өңдеуді басқарудың кешенді жүйесін енгізу қаланы қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктемені азайтуға ойдағыдай ықпал етеді.

Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек мұндай маңызды кешенді іске қосу тек қала үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін елеулі оқиға екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы жаңа технологияларды енгізе отырып кәсіпорындардың тиімділігін ғана емес, сонымен қатар экологиялық жағдайын жақсарту қажеттігін тұрақты назарда ұстауда және елімізде қабылданған цифрландыру бағдарламасы да осы бағытта жүзеге асуда. Бұл кешен - озық технологияның үлгісі әрі 2017 жылғы ЕХРО-ның негізгі мұраларының бірі. Жоба мемлекеттік-жеке әріптестік қағида бойынша қолға алынған, 5,4 миллиард теңгеге инвестормен 25 жылға келісім жасалды, ал қала өз кезегінде жер бөліп, барлық инженерлік коммуникацияларды жүргізді", - деді Бауыржан Байбек.

3,9 га аумаққа әкімшілік блок, Ұлыбританияда жасалған арнайы техниканың гаражы және озық итальяндық қондырғылармен жабдықталған негізгі өңдеу бөлмелері орналасқан. Кәсіпорынды іске қосу барысында 530 тұрақты жұмыс орны пайда болды.

"Тәртіп" АҚ-ның басқарма төрағасы Айбек Рахимов қала әкімшілігі мен жеке инвесторлар консорциумы арасында ұзақ мерзімге жасалған келісім кәсіпорынның барынша тиімді жұмыс атқаратынының озық моделі болатындығын айтты. Қазіргі кезде "Тәртіп" АҚ ТҚҚ-дың 70 пайызын қамтиды. Компания балансында 236 техника бірлігі бар, қоқыс тасымалдайтын барлық көліктерде GPS жүйесі жұмыс істейді, планшеттер арқылы қоқыс алаңындағы жағдайлар түгел көрінеді. Ұзақ мерзімді келісімнің негізгі тармақтарының бірі автопаркті үнемі жаңарту және жұмыс процессін автоматтандыру болып табылады. Қазірдің өзінде Евро-4 стандартының 30 машинасы сатып алынды және бағыттарды диспетчерлеу жүйесі енгізілді.

"Елімізде іске асып жатқан оң өзгерістерге және жеке компаниялар консорциумы мен қала әкімдігінің бірігіп жасаған келісімнің арқасында біз өте қысқа мерзімде, яғни жоба макеті талқыланған бір жыл ішінде маңызды кешенді іске қостық. Кәсіпорынның басты мақсаты - болашақта қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту. Біз бұл кешеннің өзгелерге, соның ішінде көрші елдерге үлгі болатындығына сенімдіміз, олар үлкен қызығушылық танытуда, өңірдің одан әрі өркендеуі үшін дамуды жалғастыра береміз", - деді "GREEN RECYCLE" ЖШС директоры Дмитрий Данильченко.


Суреттер Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro