EXРO көрмесі аясында топтық виза режимін енгізу қарастырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXРO көрмесі аясында топтық виза режимін енгізу қарастырылады Фото Newskaz.kz

2017 жылы Астанада өтетін Expo көрмесi кезінде топтық виза режимiн енгiзу көзделіп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "EXРO-2017" ұлттық компаниясының төрағасы Аманкелді Ермегияевқа сілтеме жасап. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне келген компания басшысы көрме аясында шетелден келетін туристердің көп болатындығын алға тартты. Осыған орай топтық виза режимін енгізудің қажеттілігі туындап отырған көрінеді. "EXРO-2017" көрмесiне туристер өте көп келеді. Осыған қатысты онға тарта дамыған елдер үшін визасыз жүйені енгіземіз. Жалпы, жазғы бес ай уақытында әлемнің 40 елін іріктейміз деп отырмыз. Олардың көбісі Еуропа мен Орталық Азияның дамыған елдері. Себебі, келетін туристердің дені осы елдерден болады деп күтілуде. Бізде туристерді Қазақстанға тартудың бағдарламасы 2020 жылға дейін жасалған. Енді осы ретте топтық визаны енгізудің реті келіп тұр", - деді Талғат Аманкелдіұлы. Талғат Аманкелдіұлының айтуынша, EXРO көрмесі Қазақстан үшін туристер тартудың ең жоғарғы көрсеткіші болмақ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети