10 сәуір 2014 | 21:03

"Эйр Астана" Еурокомиссияның "сұр тізімінен" шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

 "Эйр Астана" ұшақтары. Сурет  vesti.kz сайтынан алынған "Эйр Астана" ұшақтары. Сурет vesti.kz сайтынан алынған

"Эйр Астана" Еурокомиссияның "сұр тізімінен" шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Эйр Астана" әуе компаниясы ұшақтарының Еуропалық Одақ елдеріне ұшуына қойылған шектеулер алып тасталды. Әуетасымалдаушы еуропалық бағытта әуе сапарының жиілігін арттыруға рұқсат алды, енді жаңа бағыттарды жоспарлау мүмкіндігі туды. Еуроодақ әуе қатынастары Қауіпсіздік комитетінде, "Эйр Астана" қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сай екенін дәлелдеді. Сондықтан 2009 жылдың маусымында қойылған шектеулер алынып тасталды.

Иконка комментария блок соц сети

"Эйр Астана" АҚ президенті Питер Фостер бұл шешімге риза екенін білдірді. "Бұған "Эйр Астана" әуе компаниясы қызметкерлерінің қажырлы еңбегі арқасында жеттік. Енді әуе компаниясы Еуропа елдеріне жаңа бағыттар ашуды жоспарлайды. Оның ішінде 2014 жылдың соңында не 2015 жылдың басында Париж және Прага бағытында ұшатын боламыз. Сонымен қатар, ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне алғысымызды білдіреміз" - дейді ол.

Қазіргі уақытта әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Лондонға аптасына үш рет сапар шегеді. Сонымен қатар Астана - Франкфурт, Атырау - Амстердам бағыты бойынша аптасына алты рет ұшады.

Естеріңізге салсақ, Еуроодақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "қара тізім" жасаған болатын. "Эйр Астана" мен "Беркут" үкіметтік әуе компаниясы "сұр тізімге" еніп, өзге әуе компаниялары түгелдей "қара тізімге" кіргізілген еді. "Эйр Астана" мен "Беркут" әуе компанияларына Еуропаға шектеулі бағыттар бойынша ұшуға рұқсат берілген болатын.

Соңғы деректерге қарағанда, қазіргі уақытта қазақстандық 59 әуе компаниясының 37-сі әлі де "қара тізімде".
 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети