"Эйр Астананың" Алматы-Анталия рейсі найзағайдың салдарынан 11 сағатқа кешіктірілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. KC 915 рейсі 22 тамызда сағат 9:40-та ұшырылуы керек болған.

Ұшақты тексеру барысында оған найзағайдың соққаны белгілі болды. "Мұның әуеде немесе жерде болғаны белгісіз. Борт 11 сағаттан кейін ұшырылатынға ауыстырылады. Анталиядағылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, оларға қонақ үйден орын берілді. Алматыда қалғандарға да осындай жағдай жасалды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.