"Эйр Астана" ұлттық тасымалдаушы 2017 жылғы Алматыдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ұйымдастыру комитетімен ынтымақтастық жөнінде келісім-шарт жасасты. "Эйр Астана" АҚ Президенті Питер Фостер және 2017 жылғы Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нуров кұжатқа қол қойып, соның негізінде қазақстандық әуекомпания Ойындардың демеушісі атанып, Универсиаданың ресми серіктесі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі almaty2017.com сайтына сілтеме жасап.
"Эйр Астана" ұлттық тасымалдаушы 2017 жылғы Алматыдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ұйымдастыру комитетімен ынтымақтастық жөнінде келісім-шарт жасасты. "Эйр Астана" АҚ Президенті Питер Фостер және 2017 жылғы Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нуров кұжатқа қол қойып, соның негізінде қазақстандық әуекомпания Ойындардың демеушісі атанып, Универсиаданың ресми серіктесі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі almaty2017.com сайтына сілтеме жасап.
Келісім-шарт негізінде, "Эйр Астана" жергілікті және халықаралық әуе-рейстеріне спортшылар мен дирекцияның ресми делегация өкілдеріне айтарлықтай жеңілдіктер жасайды. Эстафета алауын Астанадан өзге 15 өңір мен Алматы қаласына тасымалдаумен айналысады. Және де, ақысыз түрде Дирекция шараларын өз коммуникация тетіктерінен насихаттайды.
"Қысқы Универсиаданы ұйымдастыруға көмектесуге мүмкіндік алғанымыз бізді желпіндірді", - деп атап өтті "Эйр Астана" әуе компаниясының Президенті Питер Фостер. - Спорттық сайыстарының ең ірілерінің бірі Алматыда өтіп жатқаны әлемге Қазақстанның әлеуетін көрсетіп, елдің танымалдығы мен туристтік мүмкіндіктерін көрсетеді. "Эйр Астана" үшін аталған шараға қолдау көрсету зор мәртебе".
"Бүгінгі таңда, "Эйр Астана" әуе компаниясы әлемдегі ең үздік компаниялардың бірі болып табылады. Біздерге, Ойындарды ұйымдастыру комитеті үшін, "Эйр Астанамен" ынтымақтастық орнату, Универсиаданы сәтті өткізуге сенім ұялатады", - деді 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясының басшысы Н. Нуров.
Айта кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамлиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер атсалысады. Студенттер арасындағы спорт ойындарына бірнеше мың отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 млрд. адам теледидар арқылы тамашаламақ.
"Эйр Астана" 2002 жылдың 15 мамырынан бері ұшырылымды жүзеге асырып келеді, бүгінде батыста шығарылған 30 ұшақтан тұратын Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320 и Embraer E190 әуе кемелеріне арналған паркі бар. Компанияның маршруттық желісі 60-тан астам халықаралық, өңірлік бағытты қамтиды. "Эйр Астана" ТМД және Шығыс Еуропа әуекомпаниялары арасында Skytrax World Airline Awards 2012 беделді жүлденің 4 жұлдызына бірінші лайық болды. Және де, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік әуекомпаниясы атанды. Қос жүлде, 2013, 2014, 2015 және 2016 жылдары расталды.