22 желтоқсан 2018 11:20

"Эйр Астана" ұшағы Франкфурттан Атырауға жете алмай, Оралға қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

"Эйр Астана" әуекомпаниясының Франкфурттан ұшып шыққан ұшағы Атырауға жете алмай, шұғыл түрде Оралға қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


"Эйр Астана" әуекомпаниясының Франкфурттан ұшып шыққан ұшағы Атырауға жете алмай, шұғыл түрде Оралға қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 21 желтоқсан түнде болған. "Сағат 22.40-та Франкфурт - Атырау бағытындағы ұшақ қозғалтқыштарының біріндегі ақау туралы хабарлады. Сағат 23.22-де А321 НЕО әуе кемесі Орал әуежайына қонды", - деді ведомстводағылар.

Лайнер бортында 64 жолаушы мен экипаждың сегіз мүшесі болған. Қазіргі таңда әуекомпания жолаушыларды Орал қонақүйлеріне орналастыру мәселесімен айналысып жатыр. Бұл дерекке қатысты тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети