Фото ©Нұрғиса Елеубеков
"Эйр Астана" әуекомпаниясы теңге бағамының төмендеуіне байланысты халықаралық бағыттардағы ұшақ билеттерінің құнын 7-10 пайызға өсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аталмыш әуетасымалдаушы компанияның үкіметтік, заңнамалық және қауіпсіздік мәселелері бойынша аға вице-президенті Ербол Оспановқа сілтеме жасап. "Халықаралық бағыттардың билет бағасына түзету енгіздік. Баға 7-10 пайызға өсті. Бірақ кейбір бағыттарға, мәселен "Астана-Мәскеу", "Алматы-Мәскеу", "Астана-Ыстамбұл", "Алматы-Ыстамбұл" секілді бағыттарға түзетулер енгізілген жоқ. Демек бұл жаққа қатынайтын ұшақ билеттерінің құны өскен жоқ, бұрынғы қалпында тұр", - дейді Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында. Сонымен бірге әуекомпанияның өкілі Қазақстанның аумағындағы ішкі рейстерге қазірше баға өспейтінін жеткізді. Ол айырбас бағамына тузетулердің енгізілуі компанияның қаржылық қызметіне әсер еткенін атап өтті. Өйткені, кіріс құрылымында сатылымның 70 пайызы теңгемен іске асырылады. Ал шығынның 65 пайызы шетелдік валютамен есептеледі екен. "Шетелге сапардың есеп-қисаптары тек доллармен ғана емес, еуромен де белгіленеді. Ұшақтар валютамен сатып алынады, ұшақ лизингтері мен оның барлық бөлшектерінің есеп-қисаптары да валютамен есептеледі. Сондықтан әрине бізге қиын. Бірақ осы жағдайда да компания өзінің әлеуметтік жауапкерлігін сезінеді. Әуекомпания ішкі рейстердің тарифін өсіруде әзірге жоспарлап отырған жоқ", - дейді Е.Оспанов.
"Эйр Астана" әуекомпаниясы теңге бағамының төмендеуіне байланысты халықаралық бағыттардағы ұшақ билеттерінің құнын 7-10 пайызға өсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аталмыш әуетасымалдаушы компанияның үкіметтік, заңнамалық және қауіпсіздік мәселелері бойынша аға вице-президенті Ербол Оспановқа сілтеме жасап.
"Халықаралық бағыттардың билет бағасына түзету енгіздік. Баға 7-10 пайызға өсті. Бірақ кейбір бағыттарға, мәселен "Астана-Мәскеу", "Алматы-Мәскеу", "Астана-Ыстамбұл", "Алматы-Ыстамбұл" секілді бағыттарға түзетулер енгізілген жоқ. Демек бұл жаққа қатынайтын ұшақ билеттерінің құны өскен жоқ, бұрынғы қалпында тұр", - дейді Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге әуекомпанияның өкілі Қазақстанның аумағындағы ішкі рейстерге қазірше баға өспейтінін жеткізді.
Ол айырбас бағамына тузетулердің енгізілуі компанияның қаржылық қызметіне әсер еткенін атап өтті. Өйткені, кіріс құрылымында сатылымның 70 пайызы теңгемен іске асырылады. Ал шығынның 65 пайызы шетелдік валютамен есептеледі екен.
"Шетелге сапардың есеп-қисаптары тек доллармен ғана емес, еуромен де белгіленеді. Ұшақтар валютамен сатып алынады, ұшақ лизингтері мен оның барлық бөлшектерінің есеп-қисаптары да валютамен есептеледі. Сондықтан әрине бізге қиын. Бірақ осы жағдайда да компания өзінің әлеуметтік жауапкерлігін сезінеді. Әуекомпания ішкі рейстердің тарифін өсіруде әзірге жоспарлап отырған жоқ", - дейді Е.Оспанов.