ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2021 | 18:31
Facebook Қазақстанмен келісім туралы ақпаратты растады
Meta компаниясының мемлекеттік саясат жөніндегі аймақтық директоры Джордж Чен Қазақстан контент туралы хабарландыру жүйесінің бір бөлігіне айналғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Meta компаниясының мемлекеттік саясат жөніндегі аймақтық директоры Джордж Чен Қазақстан контент туралы хабарландыру жүйесінің бір бөлігіне айналғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Meta-да (бұрынғы атауы Facebook) бүкіл әлем үкіметіне жергілікті заңнаманы бұзады деп саналатын контент туралы хабарлайтын арнайы онлайн-арна (Content Reporting System, CRS) бар. Қазақстан CRS құрамына енді", - деп жариялады Meta компаниясының қоғамдық саясат жөніндегі аймақтық директоры Джордж Чен Facebook-те.
Бұл ретте Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Контент туралы хабарландыру жүйесі - Meta-ның (бұрынғы Facebook) ішкі ақпараттық жүйесі саналады, Facebook және Instagram платформаларында анықталатын, Мeta жаһандық контент саясатын да, жүйеге рұқсаты бар мемлекеттердің ұлттық заңнама талаптарын да бұзатын контент туралы хабарландыру жіберу үкіметтік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
"CRS бүкіл мемлекеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары үшін контент саясатына жауап беретін Meta (Facebook) компаниясының халықаралық командасымен тікелей байланыс арнасын ұсынады", - деп мәлімдеді министрлікте.
Ведомствода CRS қолдану зиян контентті жою бойынша қабылданған шаралардың жеделдігін және жалпы Facebook және Instagram платформаларында заңнамаға қайшы келетін материалдың таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп санайды.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Facebook интернеттегі балалардың құқықтарын қорғауға баса назар аудара отырып, зиянды контентке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келгені хабарланды.
Кейінірек Facebook желісіне иелік ететін Meta Platforms компаниясы Қазақстан Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің (МИОР) қазақстандық тарапқа әлеуметтік желінің мазмұны бойынша есеп беру жүйесіне эксклюзив қолжетімділік беру туралы мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұл туралы агенттікке электрон пошта арқылы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы саяси коммуникациялар директоры Бен Макконаги жауап берді.
Өз кезегінде Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі басшысы Аида Балаева бұған дейін жарияланған мәлімдеме мәтіні "аймақтық кеңсе басшылығымен толық келісілгенін" айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также