02 қараша 2021 10:55

Министр Балаева Facebook теріске шығарған мәлімдемеге жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Facebook желісіне иелік ететін Meta Platforms компаниясы Қазақстан Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің (МИОР) қазақстандық тарапқа әлеуметтік желінің мазмұны бойынша есеп беру жүйесіне эксклюзив қолжетімділік беру туралы мәлімдемесін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Facebook желісіне иелік ететін Meta Platforms компаниясы Қазақстан Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің (МИОР) қазақстандық тарапқа әлеуметтік желінің мазмұны бойынша есеп беру жүйесіне эксклюзив қолжетімділік беру туралы мәлімдемесін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы агенттікке электрон пошта арқылы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы саяси коммуникациялар директоры Бен Макконаги жауап берді.

"Біріншіден, біз Қазақстан Үкіметімен бірлескен мәлімдеме жасаған жоқпыз – оның орнына Қазақстан Үкіметі жергілікті заңнаманы бұзатын контентті шектеу туралы үкіметтерден сұрау салу жаһандық процесі туралы өткізген талқылаулар негізінде өз мәлімдемесін жасады", - делінген хабарламада. 

Макконагидің айтуынша, бұл процесс - "Қазақстан үшін эксклюзив емес және бүкіл әлемдегі үкіметтер қолданатын процесс".

Өз кезегінде Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі басшысы Аида Балаева бұған дейін жарияланған мәлімдеме мәтіні "аймақтық кеңсе басшылығымен толық келісілгенін" айтты.

"Facebook компаниясының біріккен мәлімдемені теріске шығаруына қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында "Meta" ("Facebook") компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Өңірлік кеңсесінің коммуникациялар жөніндегі директоры Бен МакКонэхи мырзаның (Ben McConaghy) теріске шығарған мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі келесіні хабарлайды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі негізгі келіссөздерді Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша "Meta" ("Facebook") компаниясының өңірлік кеңсесімен жүргізді. 1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеме мәтіні мен оның БАҚ-да жариялануы аталған аймақтық кеңсе басшылығымен толықтай келісілген", - деп жазды министр Facebook-парақшасында.

Еске салайық, 1 қарашада Қазақстанның Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі (МИОР) агенттік пен Facebook интернеттегі балалар құқығын қорғауға баса назар аудара отырып, зиян контентке қарсы тұру бойынша тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келгенін хабарлаған болатын.

"Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін арттыру мәселесін шешуге көмек көрсету мақсатында Facebook Қазақстанға ішкі "Контентті хабарлау жүйесіне" ("Content Reporting System" (CRS)) тікелей эксклюзивті қолжетімділік берді. CRS министрлікке Facebook жаһандық контенттік саясатының да, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасының да бұзушылықтары бар контент туралы жедел хабарлауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан - Орталық Азияда контенттік саясатқа жауап беретін Facebook компаниясының халықаралық командасымен тікелей байланыс арнасына және жүйеге қосылған алғашқы ел.

"Facebook Қазақстан Үкіметімен, әсіресе балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірлескен жұмысқа ұмтылады. Біздің ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыздың алғашқы қадамы ретінде біз Қазақстан Үкіметіне уәкілетті органдарға зиянды контентпен неғұрлым тиімді және пәрменді күресуге көмектесетін "Контентті хабарлау жүйесіне" қол жеткізуге қуаныштымыз. Facebook командасы киберкеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық мамандарды оқытуды жалғастырады", - деді Facebook компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі өңірлік директоры Джордж Чен.

Бұған дейін, шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге Қазақстанда тіркелу немесе өкілдік ашу талап етілуі мүмкін екені хабарланған еді. Мұндай түзетулер 15 қыркүйекте Мәжіліс бірінші оқылымда қабылдаған "Бала құқығын қорғау туралы" заң жобасында қамтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети