Facebook-те алаяқтар қазақстандықтарға тегін велосипед ұсынып жатыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook-те алаяқтар қазақстандықтарға тегін велосипед ұсынып жатыр

Facebook-те 900 бренд тегін велосипед таратылатыны туралы ақпарат жарияланды. Олар сызылып қалған жерлері болғандықтан сатылмай қалған, сондықтан тегін берілмек. Stopfake.kz фактчекинг сайты мұндай хабарландыруларға неге сенбеу керектігін түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жарнама 2023 жылдың 5 сәуірінде ашылған Trek Bicycle Fans атты парақшасында шыққан. Аккаунттың аватарында велосипедтер мен спорттық киімдер шығаратын Trek компаниясының логотипі пайдаланылған. Бұл ретте Trek компаниясының ресми сайтында да, Trek Bicycle Fans емес, Trek Bicycle деп аталатын Facebook-тегі ресми парақшасында да 900 велосипедті тегін тарату туралы ақпарат жоқ", - делінген сайттағы жазбада.

Тегін велосипед алуды ұсынған парақшада барлығы осы хабарламаны таратып, мекенжайы профильде көрсетілген сайтта тіркелуі керек делінген.

"Бұл портал Trek компаниясының ресми сайты емес және онда грамматикалық қателер көп. Яғни, бұл күмәнді портал және онда жеке деректеріңізді қалдырмаған жөн. Порталды пайдаланушылардың телефон нөмірлерін, логиндерін, парольдерін, төлем карталарының деректерін және басқа да ақпараттарын алдап алу үшін алаяқтар жасаған сияқты", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети