27 қаңтар 2014 16:11

Фариза Оңғарсынова ақтық сапарға аттанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото  ©Марат Абилов Фото ©Марат Абилов

Бүгін Астана жұртшылығы ақиық ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованы соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 75 жасқа қараған шағында өмірден озған ақын жырлары қазақ әдебиетінен өшпес орын алды. Фариза Оңғарсынованың қазасына орай өткен қаралы жиынға зиялы қауым өкілдері бастап, Парламент пен Үкімет мүшелері тегіс қатысқан болатын. Астанадағы Көрме залында өткен қаралы жиында ақынның тұстастары мен әріптестері тарапынан оның шығармашылығы турасында естеліктер айтылды. Қазаға жиналғандар алдында Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхамед Президент жолдаған көңіл айту хатын оқып берді. "Фариза Оңғарсынованың дүниеден өтуіне байланысты орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Фариза Оңғарсынқызы ұлттық поэзияға өзгеше леп әкелген ерекше дарын иесі еді. Оның қаламынан туындаған нәзік те отты жырлар әрдайым оқырманның жүрегін еріксіз баурап алатын. Ақын өлеңдерінен оның өзіне тән өр мінезі, өршіл рухы адам жанының терең қалтарыстарына жіті үніліп, соны таңғаларлықтай шеберлікпен аша білетін қуатты қалам тегеуріні айқын сезіліп тұратын. Сондықтан да Қазақстан халқы ақиық ақын, тамаша журналист, көрнекті қайраткер қызын ерекше қадірледі. Марқұмның топырағы торқа, жаны жаннатта болғай!", - деді Елбасының көңіл айту хатын оқыған Мұхтар Абрарұлы. Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ, Астана қаласының әкімі: "Бүгін Алтайдан Атырауға дейін аза тұтқан барша Алаш қайғы жұтқан қаралы күн. Бұл орны толмас қасірет. Ұлтымыздың ұлы ақыны, халықтың музасы, қазақтың Фаризасымен мәңгілікке қоштасып тұрмыз. Тірі күнінде-ақ аңызға айналған ақын өзімен үлкен жүрегін алып кетті. Қалың жұртына ақ тілегін тастап, сол жұрт үшін қайғысын жастанды. Амал қанша, ол дүниеде бірегей еді. Ғибратты ғұмырында поэзияның падишасы атанып, қақ жарма әділ сөзімен де, ақмаңдай жүзімен де, балтаңдай жырымен де қазақ поэзиясының нұры, халқының батыр мінезді қызы екенін дәлелдеп өтті. Тахауи Ахтанов ағамыз айтқандай "қыз да болса, ер азаматтың жүгін көтерген, бүгінгі заманның Махамбеті" болды. Егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі де сол жылдағы ағымды үлесі баршамыздың көз алдымызда. Басқасын айтпағанда кезінде Елбасы Астананы көшірген уақытта зиялы қауымға тәуелсіздігіміздің ертеңіне кепіл, бүгінгі күніне шамшырақ болыңыз деген тілегін қабыл алып, Елордаға қоныс аударды. Бос келген жоқ, жан серігімен, ой өрісімен, ақыл парасатымен жас қалаға рух берді. Әдебиетін арқалап, мәдениетін айшықтады. Өз басым жеке өміріне араласып жүрген азамат ретінде, Фариза апамыздың жанына жақын інісі ретінде ол кісінің шапағатына ерекше бөленіп, мейірімін көп көрдім. Сондықтан да Фариза Оңғарсынқызының қоғамды тани білетін ерекше бір қасиетін айтқым келеді. Ол абзалдығымен ерекше, өзіне ғана тән абыздығы. Олай болса ақын ел есінде, ұрпақтардың жадында алып ақын ретінде де, рухымызды дүр сілкіндірген ұлылардың санатында. Тарлан тарихымыздың қанатында тұрған тұлға ретінде мәңгі сақталады. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа, жаныңыз жәннатта болғай!" Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, жазушы: "Фариза поэзияда сирек кездесетін құбылыс. Біреулер өлең әлемінде жақсы бастау алып, орта тұсында олқы тартып жатады. Бұл кісінің жырлары садақ жебесінде нысананы қай кезде де дәл тигізіп келді. Айтулы ақынның мезгілсіз қайтыс болуы – өнердің биік жартасының құлауы секілді. Біз Оңғарсынава секілді тұлғалардың қасына топтассақ ілгірілеген халық болар едік. Адам ретінде ол кісі ер, әйел деген ұғымға сыймайтын. Ел, халық үшін көкейіндегісін ірікпей, батыл айтатын адам еді".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети