Қазақ өнері қара жамылды. Кеше яғни қаңтардың 23-і күні Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова 75-ке қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Фариза Оңғарсынованың өмірбаянына көз жүгіртсек, ол 1939 жылы Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Атырау мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркін дала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 1966-1968 жж. Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер, 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 жылдан «Пионер» журналының бас редакторы болған. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрді. Содан бері қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып келген ақын, Қазақ Елінің маңдайына біткен жұлдыз бүгін сөнді... Мұқағали мұңын шаққан ұлы тұлғаның қазасы әр қазақтың жанына батары сөзсіз. Фариза апамыз «КТК» арнасындағы «Жүрек жарды» бағдарламасына берген сұқбатында былай деп еді: «Мен он баланың кенжесімін. Соған қарамастан мен ерке емес, есті, алаңғасар емес, сезімтал болып өстім деп айта аламын. Олай деуіме енді ғана ес біліп келе жатқанымда әкем қайтты өмірден, одан көп ұзамай үлкен ағам кетті әкемнің артынан еріп. Есті болып өсуіме анамның мені күнде қойнына алып жатып, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы айтқан аңыз-әңгімелер әсер етсе, ал сезімтал болып өсуіме, анамның күндізгі уақытта жұмыстан қолы қалт ете қалса, әкем мен бауырымды жоқтап жылағаны, сол кезде мен де анаммен бірге қайғырғаным, мұңайғаным ықпал етсе керек. Ал 5 жасымда анамның көңілін аулау үшін Қобыланды батыр жырын үйде айқайлап оқитынмын. Міне, бүгін Фариза Оңғарсынованың қалыптасуына айтарлықтай әсер еткен үш жайт осылар болатын». «kaz.tengrinews.kz» барша қазақ жұртына қайғырып, көңіл айтады.
Қазақ өнері қара жамылды. Кеше яғни қаңтардың 23-і күні Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова 75-ке қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Tengrinews.kz
Фариза Оңғарсынованың өмірбаянына көз жүгіртсек, ол 1939 жылы Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Атырау мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркін дала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
1966-1968 жж. Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер, 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 жылдан «Пионер» журналының бас редакторы болған. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрді.
Содан бері қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып келген ақын, Қазақ Елінің маңдайына біткен жұлдыз бүгін сөнді...
Мұқағали мұңын шаққан ұлы тұлғаның қазасы әр қазақтың жанына батары сөзсіз.
Фариза апамыз «КТК» арнасындағы «Жүрек жарды» бағдарламасына берген сұқбатында былай деп еді: «Мен он баланың кенжесімін. Соған қарамастан мен ерке емес, есті, алаңғасар емес, сезімтал болып өстім деп айта аламын. Олай деуіме енді ғана ес біліп келе жатқанымда әкем қайтты өмірден, одан көп ұзамай үлкен ағам кетті әкемнің артынан еріп. Есті болып өсуіме анамның мені күнде қойнына алып жатып, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы айтқан аңыз-әңгімелер әсер етсе, ал сезімтал болып өсуіме, анамның күндізгі уақытта жұмыстан қолы қалт ете қалса, әкем мен бауырымды жоқтап жылағаны, сол кезде мен де анаммен бірге қайғырғаным, мұңайғаным ықпал етсе керек. Ал 5 жасымда анамның көңілін аулау үшін Қобыланды батыр жырын үйде айқайлап оқитынмын. Міне, бүгін Фариза Оңғарсынованың қалыптасуына айтарлықтай әсер еткен үш жайт осылар болатын».
«kaz.tengrinews.kz» барша қазақ жұртына қайғырып, көңіл айтады.