Фармация комитеті WhatsApp арқылы таралып жатқан "қауіпті" парацетомол туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Фармация комитеті WhatsApp арқылы таралып жатқан "қауіпті" парацетомол туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің бас сарапшысы мессенджер арқылы тарап жатқан хабарламалар туралы пікірін айтты. Хабарламалар арқылы адамадар "P 500" жазуы бар парацетомол дәрісін қабылдамау туралы ескертіп жатыр. Хабарлама таратушылардың пікірінше бұл дәрілер арқылы ең қауіпті вирустардың бірі "Мачупо" жұғады екен.
"Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағында жалған деп есептеймін. Медициналық және фармацевтикалық қызмет бойынша бақылау комитетіне жазбаша, телефон арқылы ауызша түрде де мұндай ақпарат тұспеді", - дейді комитеттің бас сарапшысы Ғалымжан Мырзахметов.
Қазақстанда тіркелген дәрілік заттар Франция, Ресей, Португалия, Греция, Беларусь және Қазақстанда өдірілетінін айта кетті ол.
"Аталған өндірушілердің дәрілерінде "P 500" жазуы жоқ. Қазақстанда сатылатын дәрілерде мұндай белгілер болмайды. Мен осыған қатысты Ғаламтордан ақпарат іздедім. Мұндай дәрілер туралы мәлімет ТМД елдерінде, шетелде де жоқ. Еш жерде мұндай айтылмайды", - деді маман.