Қазақстанның Картоп өсірушілер және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы Қайрат Бисетаев жер реформасы жөніндегі комиссия отырысы кезінде шаруалардың соңғы кезде саясат туралы көбірек айта бастағанын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен жаңа ғана егістіктен келдім, қазір бізде егіс науқаны жүріп жатыр. Үзіліс кезінде жұмысшылар бұрын әйелдер туралы айтатын, қазір саясатты талқылайды. Адамдардың осындай қысқа үзіліс кезінде саясат туралы айтқанын алғаш рет көрдім. Бұл менің үрейімді туғызды", - деді Қайрат Бисетаев.
Журналистер жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысының трансляциясын көріп отыр.
"Мен және менің әріптестерім мораторийдің жариялануына наразы болдық, дегенмен бізде осындай ортада маңызды әрі күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік туды", - деді фермер.
Еске салайық, жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы таңғы сағат 10-да басталған еді.