Мектеп басшылығы мектеп формасын ойластыру кезінде балаларға өздеріне ыңғайлы 20 киімнің түрін ұсыну керек. Финляндияның білім жүйесінің ғылыми қызметкері Паси Силандер осындай кеңес айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мектеп басшылығы мектеп формасын ойластыру кезінде балаларға өздеріне ыңғайлы 20 киімнің түрін ұсыну керек. Финляндияның білім жүйесінің ғылыми қызметкері Паси Силандер осындай кеңес айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін EXPO-2017 көрмесіндегі Финляндия павильонында Қазақстандағы білім беру мекемелерінің басшыларына Финляндияның қызықты тәжірибесі жайлы айтылды.
Айта кетейік, Финляндия мектептерінде бірыңғай форма деген немесе киімдерге деген ешқандай талап жоқ.
"Финляндияда мұндай мүлде жоқ. Себебі біз әрбір баланы жеке тұлға ретінде санаймыз. Олар клон емес. Сіз киетін киім өзінізді жеке тұлға ретінде қандай екенініңізді білдіреді. Киіп жүрген киім адамның өзіне ыңғайлы болса, ол көп дүниені танығысы келіп, сабаққа мұқият назар аударып отырады", - дейді Паси Силандер.
Оның айтуынша, бірыңғай мектеп формасынан оқу процесіне ешқандай жақсы әсер тиген жоқ. Сондай-ақ, ол форма баланы толық етіп көрсетіп немесе киімнің стилі оған мүлдем жараспай қалуы мүмкін.
"Бірыңғай форма туралы талқыланған болатын. Біреу брендтерді киеді, ал біреулері одан төмен кластағы киімдерді киеді. Менің жеке ойым мынадай: егер сіз қандай да бірыңғай форманы енгізгіңіз келсе, ол жерде киімнің шамамен 20 түрі болуы керек. Біз киімді жеке адамның даралығы деп түсінуіміз керек", - деді Паси Силандер.