Францияда болған апатына байланысты Астана қаласындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі тұрақты әрі қатаң бақыланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Францияда болған апатына байланысты Астана қаласындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі тұрақты әрі қатаң бақыланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Жуырда Францияда болған қайғылы жол-көлік апатына байланысты Әділбек Жақсыбеков Астана қаласындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі тұрақты әрі қатаң бақылауда болуы керектігін ескертті. Елорда жолдары арқылы қатынайтын жүк көліктерінің қозғалыс кестелері өзгертілуі қажет", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, соңғы кезде жол ережелерін сақтамайтын қоғамдық көлік жүргізушілеріне көптеген арыз-шағым келіп түсіп жатқаны хабарланды. 14-16 қазан күні өткізілген "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында автобус жүргізушілері тарапынан 700 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелген. Іс-шара қорытындысы бойынша 20-дан астам автобус техникалық жарамсыз деп танылып, оларды пайдалануға тыйым салынды.
Еске сала кетейік, 23 қазанда Бордо қаласынан батысқа қарай 50 шақырым жерде жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған болатын. Жүк көлігімен соқтығысқан автобустың салонында 49 адам болыпты. Бұл апат Францияда соңғы отыз жылдағы ең ірі жол апаты болды. Екі көлік те өртеніп, автобус салонында болған адамдар тірідей өртеніп кеткен еді.