Футболдан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 7:1 есебімен ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Порталдың хабарлауынша, бұл команда тарихындағы ең үлкен жеңіс болып табылады екен. Оның толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар.
Футболдан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 7:1 есебімен ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Порталдың хабарлауынша, бұл команда тарихындағы ең үлкен жеңіс болып табылады екен. Оның толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар.
Еске сала кетейік, 5 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстан командасын тас-талқан етті. Ойынның 27-минутында Сергей Хижниченко өзіне келген допты қақпаға қарай шірене теуіп, қақпашының допты ұстап үлгеруіне ешқандай мүмкіндік туғызған жоқ. Үзіліске дейін Қазақстан құрамасының капитаны Таңат Нөсербаев есепті еселеп жіберді. Одан кейін ойынның 42-минутында Сергей Хижниченко тағы да қонақтардың өз алаңы ішінде қожырап жүрген сәттерін жақсы пайдаланып, үшінші голды да қақпаға сүңгітіп жіберді. Екінші таймда Бауыржан Исламхан және Бауыржан Жолшиев есепті 5:0-ге жеткізді. Арада екі минут өткен соң қонақтар бір доптың қарымтасын қайтара білді. Бұл жолы қырғыз Қайрат Жырғалбекұлы Қазақстан құрамасының аз-кем уақыт босаңсу сәтін тиімді пайдаланып, есепті ашты. Ойынның соңына дейін қазақстандық Ұлан Қонысбаев пен Азат Нұрғалиевтер бір-бірден гол соғып, қонақтарды ойсырата жеңді.
Осылайша бұл қыркүйектің 9-ы күні осында Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі шеңберінде Латвия құрамасымен ойналатын жауапты матчтың қарсаңындағы тамаша репетиция болып шықты. Енді Қазақстан құрамасы "Астана-Арена" стадионында сағат 22:00-де Латвия құрамасымен кездеседі. Оны KazSport каналы тікелей эфирде көрсететін болады. Бұл кездесу Қазақстан футболшыларының 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарындағы алғашқы жарысы болмақ.