Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жыл сайын Наурызда құрбандыққа қой шалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жыл сайын Наурызда құрбандыққа қой шалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен енді әрбір әкім қаланы су басудан, өрт пен дауылдан қорғауды сұрауы үшін Наурыз мейрамында Қошқарата өзенінің жағасында семіз қой сою дәстүрін қайтарамын. Әр қаланың басшысы сияқты мен де күнде құдіретті Жаратушыдан жақсы ауа райды жіберуін сұраймын" - дейді Әбдірахымов.
Бұдан бөлек, әкім Арбат құрылысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, жаяу жүргіншілерге арналған көшенің басты ерекшелігі 12 періштенің орнатылуы болмақ.
"Адамдар тартылу үшін мұнда жан керек. Себебі олар келгенде адамдар демалып, өздерін қауіпсіз сезінулері қажет. Сол үшін періштелерді жасадық. Олардың саны 12 ай секілді. Бұл біздің ерекшелігіміз болмақ. Арбат 1 қаңтарда ашылады, оған барлығын шақырамын. Келіңіздер, таңғаласыздар және қайтар кезде жылағыларыңыз келеді", - деді ол.