01 қазан 2021 | 19:18

Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.


Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ғабидолла Әбдірахымов Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі болып 2021 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын.

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда ОҚО облысы Киров ауылында дүниеге келген

1996 жылы экономист-бухгалтер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару неміс жоғарғы мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1996-1997 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті болып бастаған. 1999-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мемлектетік қызмет істері агенттігінің маманы, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі, төрағасының орынбасары және төрағасы лауазымына дейін қызметтер атқарған.

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал, 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. 2013-2015 жылдары - ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2015-2017 жылдары - Шымкент қаласының әкімі. 2017-2018 жылдары - "Нұр Отан" партиясының хатшысы. 2018-2019 жылдары - Шымкент қаласының әкімі. 2019 жылғы қараша айынан қазірге дейін ҚР премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген. Отбасылы. Екі баласы бар.. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети