Қазақстандық бұрынғы саясаткер Ғабидолла Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалды деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық бұрынғы саясаткер Ғабидолла Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалды деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкенттің бұрынғы әкімінің айтуынша, оған құқық қорғау органдарынан ешқандай хабарлама келмеген.
"Шынымды айтсам, ешқандай іс туралы хабарым жоқ. Ешкім ешқайда шақырған жоқ (жауап алуға - авт. еск.), маған ескертпеді. Әлеуметтік желіде жазылғандар бос сөз. Бұған менің еш қатысым жоқ. Бұл не үшін жасалғанын білмеймін.
Ол адам (арыз жазған - авт.еск.) - қарапайым кәсіпкер, Қазақстанда ондайлар көп. Мен көп кәсіпкерді білемін. Бірақ ол адаммен ешқандай қатысым болған емес және жоқ. Онымен мүлдем байланыста болған жоқпын. Әрине, өмір бойы, дәлірек айтсақ, 22 жыл мемлекеттік қызметте болдым. Мен де басқалар сияқты бұл бизнесмендерді мемлекеттік қызметкер ретінде ғана білуім мүмкін", - деді Әбдірахымов.
Сондай-ақ, ол ауыр қылмыс жасады деп айыптау "өз алдына қылмыс екенін" атап өтті.
"Неге адамдар мұндайға жол береді. Бұл ақпаратты жариялаған Козачков мырза маған хабарласпады. Кеше Бас прокуратура да ақпаратты теріске шығарды. Бірақ олар әлі тынышталмай отыр. Маған біреу "тапсырыс" берген сияқты. Бірақ мұның не үшін жасалып жатқанын білмеймін", - деп қосты экс-әкім.
Әбдірахымов қазір Нұр-Сұлтанда тұратынын, кәсіпкерлік және "кейбір жобаларымен" айналысатынын айтты.
Бұған дейін Telegram-дағы Kozachkov offside-арнасында Ғабидолла Әбдірахымов пен ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты "рейдерлік" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейінірек парақша авторлары арыз беруші Forbes тізіміндегі кәсіпкер екенін хабарлады.
Сондай-ақ, арыз тіркеліп, Алматы Полиция департаментіне тапсырылғаны айтылды. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі "Бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша" тергеліп жатыр.
Алматы ПД баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын растады. Арызданушы К. есімді азамат болып шықты.
"Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. Кешенді шаралары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!