31 қазан 2017 13:43

Ғабидулла Әбдірахымов "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғабидулла Әбдірахымов Ғабидулла Әбдірахымов

Ғабидулла Әбдірахімов "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ғабидулла Әбдірахімов "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Нұр Отан" партиясының төрағасы, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен партия төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Орталық аппарат ұжымына жаңа хатшы Габидулла Әбдірахимовты таныстырды. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед бұрынғы хатшы Заутбек Тұрысбековты өнімді жұмыс үшін алғыс білдіріп, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары ретіндегі жұмысына табыс тіледі. 

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда ОҚО облысы Киров ауылында туған.

Екі жоғары білімі бар: экономист және мемлекеттік басқару маманы. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.

Жаңа қызметіне тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының әкімі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети