20 қараша 2021 | 13:42

"Ғалам аруы - 2021" байқауында Қазақстан намысын кім қорғайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ғалам аруы" (Miss Universe) халықаралық байқауында Қазақстан намысын "Алматы аруы-2021" Азиза Тоқашова қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Ғалам аруы" (Miss Universe) халықаралық байқауында Қазақстан намысын "Алматы аруы-2021" Азиза Тоқашова қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы аруы" жеңімпаздары бірнеше жылдан бері "Әлем аруы" байқауына қатысып жүр. Айта кетейік, келесі жылы елордалық сұлу "Қазақстан аруы-2021" жеңімпазы Айдана Ахатанева ел атынан өнер көрсетеді.

Биыл өзінің 70 жылдығын атап өтетін әйгілі "Ғалам аруы" сұлулық байқауы алғаш рет Израильде, Эйлатта өтпек. Қатысушылар Израильде қарашаның соңында жиналады. Ұйымдастырушылардың бұл елді таңдаудағы маңызды факторлардың бірі - Израильдің коронавирусқа қарсы жүргізген сәтті жұмысы. Сондықтан биыл "Ғалам аруы" сұлулық байқауын өткізу туралы шешім қабылданды.

Азиза Тоқашова сегіз жасынан бастап халықтық-эстрадалық билермен айналысады. Көптеген концерт пен қалалық іс-шараларда өнер көрсеткен. Қазір әуесқой ретінде билейді. Сонымен қатар, ол әлеуметтік-қайырымдылық жобаларға белсенді қатысады.

Азизаның бала күнінде інісін өз жауапкершілігіне алуына тура келген. Азиза сегіз жасқа енді толғанында ата-анасы ажырасып кеткен, ол кезде Азамат небәрі екі жаста болған.
 
"Ініме анасындай болдым деуге болады, себебі анамызды көп көрмейтінбіз - ол бізді асырау үшін екі жерде жұмыс істеді", - дейді Азиза. - Мен ерте тұрып, таңғы ас дайындап, інімді балабақшаға апарып, кешке үйге алып кететінмін. Ініме әріптерді, оқуды, жазуды үйреттім. Енді мен Азаматты мақтан тұтамын, ол Екатеринбургте энергетика мамандығы бойынша грантта оқиды, Орал федералды университеті атынан футбол ойнайды.

Бүгінде Азиза Instagram-да танымал блогер, оның Womens club by Aziza Habibi атты әйелдер клубы бар. Ол модерациялайтын қоғамдастықта йога, медитация, дұрыс тамақтану тақырыптары талқыланады, қатысушылар мотивациялық әдебиеттерді оқудан алған әсерін бөліседі. Азиза соңғы кездері үлкен тенниске қызығушылық танытып жүр, болашақта ат спортын да игергісі келеді.

"Алматы аруы атанған кезім әлі күнге дейін есімде", - деп еске алды Азиза. - Шамамен таңғы 11, мен кеш тұрдым, әзер таңғы ас дайындадым. Бір кезде WhatsApp арқылы видео-қоңырау түсті. Мәдина Садуақасова хабарласқан екен. Оның не үшін хабарласқанын бірден түсіндім. Толқып кеткендіктен не деп жауап берерімді білмей, ақыры көз жасыма ерік бердім. Қатты таңғалғаным соншалық, он минуттай тұрып қалдым. Есімді жинап, анама хабарласайын десем, өзі хабарласып тұр екен. Достарым да хабарласа бастады. Сөйтсем жеңімпазды хабарлағаннан кейін 15 минуттан соң Tengrinews.kz-те жаңалық шыққан екен. Сондықтан бір танымал болған күнім болды"

"Бүгінде, әрине, Израильге сапарымды асыға күтіп жүрмін. Мен үшін "Ғалам аруы" байқауы өмірімді күрт өзгертетін үлкен нүкте деп айтуға болар. Мен отбасылы болып, балаларыма үлгі болғым келеді. Өмірде еш нәрсе бекерден бекер емес. Менің жолым болып кетті деп ойлайсыз ба? Жоқ, мен армандап қана қоймай, сол арманым орындалуы үшін әрекет жасадым. Анам да маған сенді. Менің әлемге айтар үндеуім: армандаңыздар, сол кезде Ғалам сізге құшағын ашады!", - дейді Азиза.

"Ғалам аруы-2021" байқауының финалы 16 желтоқсанда өтеді. Жеңімпазға тәжді 27 жастағы мексикалық Андреа Меза табыстайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети