Ғаламторда биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің "шпаргалкалары" сатылуда. Әлеуметтік желі топтарының бірінде тест тапсырушыларға қол алақанына сыйып кететін шағын кітапшаларды ұсынып жатыр. Ондай "шпаргалкалардың" саны шектеулі. Оны таратушылар сату науқанының 23-ші мамыр күні аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың айтуынша, сату жұмыстары Қазақстанның бірнеше қаласында ұйымдастырылған. Бір "шпаргалканың" бағасы - 3 мың теңге. Қазіргі кезде орыс тіліндегі "көмекші құралдар" таусылып қалғанға ұқсайды. "Бізде "шпаргалкалардың" екі түрі бар. Ол - Глобус және Пирамида. Биылғы тестке Пирамида жақсы келеді. Ол жаңартылған. Сондықтан, кем дегенде, 15-18, ары кетсе, 25 жауапты тауып бере алады. Глобус болса, өткен жылдың тесттерін қамтиды", - дейді сатушылар. Сондай-ақ олар 20 мың теңгеге микроқұлаққаптарды (наушник) сататындарын жеткізді. Оның ішінде микрофон да бар. Соның арқасында көмекші адаммен байланысқа шығып, білдіртпей, жауаптарды жазып алуға болады. Бұдан бөлек, арнайы қол сағаттар да сатылады. Оның экранына жауаптар шығады. Қазіргі кезде ондай "сиқырлы сағаттардың" барлығын сатып алып кетті.
Әлеуметтік желідегі тағы бір топтың өкілдері "Азия" атты "шпаргалкаларды" сатып жатыр. Оның бағасы - 3-3,5 мың теңге. Өскеменде сатылып жатқан "Тараз-2014" атты "шпаргалкалар" 2 мың теңге тұрады. Олар қазақ тілді түлектерге арналған. Ондай тауардың ең қымбаттысы - Астанада. Бір "шпаргалка" 5 мың теңге тұрады. Алайда ол бағаға қала ішінде тегін жеткізіп беру қызметі кіреді.