Ғалидолла Азидуллин Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғалидолла Азидуллин Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Үкіметтің қаулысымен Ғалидолла Азидуллин Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ғалидолла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында дүниеге келген.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Ол өзінің мансабын 2002 жылы актерліктен бастады. Орал-Каспий бассейндік су басқармасының мемлекеттік бақылау және су қоры бөлімінің бас маманы.
2003-2008 жылдары - бас маман; Орал-Каспий бассейндік су басқармасының мемлекеттік бақылау және су қоры бөлімінің бастығы.
2008 жылы "Алатау СК" АҚ Атырау филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.
2009-2020 жылдары Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарған.
2020-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЭҚМ су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!