18 наурыз 2017 | 14:19

Ғалым Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында жауған қардың себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наурыз мейрамы таяп қалса да Алматыға көктем келер емес. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі Ғылыми-зерттеу институтының экология және климат ғылымдар докторы Борис Степановқа ауа райының өзгеруіне ненің әсер етіп жатқаны жайлы сауал қойды.


Иконка комментария блок соц сети

Наурыз мейрамы таяп қалса да Алматыға көктем келер емес. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі Ғылыми-зерттеу институтының экология және климат ғылымдар докторы Борис Степановқа ауа райының өзгеруіне ненің әсер етіп жатқаны жайлы сауал қойды.

Ғалым бастапқыда күнделікті ауа райы мен климаттың айырмашылықтарын айтып өтті. "Ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, климат дегеніміз - 30 жылдағы орташа ауа райы. Қазақстанда соңғы жарты ғасыр ішінде ауа температурасы небәрі 1,5 градусқа ғана жоғарылаған. Жалпы әлемде жылы ауа райы сақталып тұр", - деді ғалым.

Алайда Борис Степанов Қазақстанның оңтүстігіндегі ауа райының климатқа қатысы жоқ екенін айтады. "Наурыз айы салқын болып жатыр. Барлығы циклон мен антициклондарға байланысты. Ешкім де ауа райы қандай болатынын алдын ала айта алмайды. Ауа райы құбылмалы. Бірақ қазір адамдар 1953-1954 жылдары ауа райының суық болғанын білмейді. Алматыда қыста -30 градусқа дейін жететін. Қазір айтатын болсақ, бізде ауа райы жылы болып тұр", - деді Борис Степанов.

Сондай-ақ, ғалым еліміздің оңтүстігіндегі климаттың субтропикалық климатқа өзгеріп жатқанын жоққа шығарды. Степановтың айтуынша, климаттық температура 2-3 градусқа жоғарыласа, бізде жыл сайын сел болар еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети