22 мамыр 2014 18:29

Ғалымдар Алматының жасын тағы да талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессор, академик Карл Байпақов.
Фото Tengrinews Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессор, академик Карл Байпақов. Фото Tengrinews

Ғалымдар, академиктер мен археологтар Алматының жасын тағы да талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ғалымдар, академиктер мен археологтар Алматының жасын тағы да талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Алматыда отандық және шетелдік тарихшы ғалымдар "Алматының мәдени жасы - 1000 жыл" атты дөңгелек үстел барысында оңтүстік астананың мәдени жасын анықтауға тырысты.

"Жүргізілген археологиялық материалдар мен қазба жұмыстарының нәтижесінде нумизматикалық коллекцияларды, этнографиялық мұраларды, ежелгі жазбалар туралы материалдарды зерттей келе Алматының мәдени жасы 1000 жылдан кем емес деген қорытындыға келіп отырмыз", - деді тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Карл Байпақов.

Тарихшының мәлімдеуінше, мұндай мәлімдемеге XIII ғасырдың жәдігері саналатын тиындағы жазу негіз бола алады. Онда Алматыда жасалған деп жазылғандығын нумизмат арабист Владимир Настич оқыған. Бұл дерек Алматының жасын белгілеуге ұтымды негіз бола алады, - дейді мамандар.

"X-XI ғасырлардағы мұсылман ренессансы Таяу Шығыс аймағына, соның ішінде астанасы Алматы болған Жетісу аймағына да елеулі әсер етті. Бұл кезде қала мәдениетінің гүлденуі орын алды", - деді ол.

Зерттеуші ғалымдар Алматының мәдени жасын ресми бекіту үшін ЮНЕСКО-ға құжаттар жібермекші.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети