07 қараша 2014 11:22

Ғалымдар қазақтың алғашқы хандарының жерленген жерін таппақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Astanainfo.kz ©Astanainfo.kz

Ғалымдар қазақтың алғашқы хандарының жерленген жерін іздеп тапқалы отыр, - деп хабарлайды Almaty.tv. Еуразия университеті жанындағы Кемел Ақышев атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу институтының зерттеушілері Қазақ хандығы тарихының белгісіз тұстарын ашып, қазақ хандарының неден өлгенін анықтайтын болады.


Ғалымдар қазақтың алғашқы хандарының жерленген жерін іздеп тапқалы отыр, - деп хабарлайды Almaty.tv. Еуразия университеті жанындағы Кемел Ақышев атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу институтының зерттеушілері Қазақ хандығы тарихының белгісіз тұстарын ашып, қазақ хандарының неден өлгенін анықтайтын болады.

Археологтардың қазірдің өзінде ертедегі билеушілердің кейбір жерленген жері жайлы болжамы бар. "Қазақ мемлекеттілігінің құрылуын зерттеуге осыған дейін қажетті деңгейде назар аударылмады. XIV-XVI ғасырлардағы тарихи нысандар аз зерттелді. Қазақтың тұңғыш хандарының жерленген жерін нақты зерттеген адам болмады. Жерленген жері Қазанда болуы мүмкін, біреулер Сарайшықта дейді (Атырау облысы - Авт.). Бірақ бізде басқа пікір бар. 2009 жылы Қорғалжында - Астанадан жүз шақырым қашықтықта XV ғасырдағы кесене кездейсоқ табылды, Жәнібек сұлтан дәл осы жерде жерленген болуы мүмкін деп есептейміз", - деді Астанадағы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, археолог Серғазы Сәкенов.

Археологтар Жәнібек ханның жерленген жері туралы болжамды кесененің жергілікті Жәнібек-Шалқар өзеніне жақын болғандығы себепті жасап отыр. Ғалымдардың мәліметінше, қазақ хандарының жазғы ордасы дәл осы жерде болған. Археологтар өз болжамын тексеріп көру үшін кесенені зерттеу жұмысын 2015 жылы бастайды. 

"Бұл кесенені қазіргі заманғы әдістермен зерттей түсу керек. Бізге антропологиялық дәлелдер де қажет. Осы кесененің айналасында қабірлер бар. Бәрін зерттеп барып қана мұның Қазақ мемлекетін басқарған Шыңғыс хан ұрпақтарының қабірі екенін айта аламыз. Бұдан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бұл кесенені қайта құрастырып, бұл жерді Қорғалжын экотуризміне қосу керек", - деді Серғазы Сәкенов. Ол сонымен қатар, қазақтың тұңғыш хандары жүрген жолдарды қалпына келтіру үшін Ұлытау, Сарайшық, Түркістан, Орталық Қазақстан жерлеріне экспедиция жасау жоспарланғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети