Ғалымжан Жанқуатов Экология министрлігінің аппарат басшысы қызметінен босатылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Ғалымжан Жанқуатов Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ғалымжан Жанқуатов Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Ғалымжан Жандосұлы Жанқуатов ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ғалымжан Жанқуатов 1982 жылы Алматы қаласында туған. Семейдегі "Қайнар" университетінің филиалын тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы "Катран" шаруа қожалығының іс жүргізушісі болып бастаған.

2004-2006 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеген.

2006-2010 жылдары - ҚР республикалық бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің заң бөлімінің бас сарапшысы, консультант-мемлекеттік ревизор.

2010-2011 жылдары - Премьер-министр Кеңсесі Заң бөлімінің бас консультанты.

2011-2014 - Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаментінің Мемлекеттік сатып алу басқарма басшысы, Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігі Заң департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымында жұмыс істеген.

2015-2017 жылдары - Премьер-министр Кеңсесінің Заң бөлімінің бас консультанты.

2017-2019 жылдары - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментінің директоры.

2019-2020 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігі Заң қызметі департаменті директорының орынбасары, директоры.

2020-2021 - Премьер-министр Кеңсесінің Заң бөлімінің бас инспекторы.

2023 жылдың қаңтар айынан ақпанға дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі кеңесшісі қызметін атқарды.

2023 жылдың ақпанынан бастап осы уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы лауазымында болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro