Ғалымдар: Ақтөбе облысында табылған Алтын адам ең құндысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар: Ақтөбе облысында табылған Алтын адам ең құндысы Телеарна сюжетінен

Ғалымдар Ақтөбеде табылған Алтын адамның бұған дейінгі табылғандарынан ең құндысы болғанын айтады. Өйткені бас киімінен бастап сауыт-саймандарымен қоса, қасына жерлеген атының да әбзелдері таза алтыннан құйылыпты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар Ақтөбеде табылған Алтын адамның бұған дейінгі табылғандарынан ең құндысы болғанын айтады. Өйткені бас киімінен бастап сауыт-саймандарымен қоса, қасына жерлеген атының да әбзелдері таза алтыннан құйылыпты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

"Есіктен табылған Алтын адамның кейбір заттары таза алтын емес. Фольга. Тасқопада табылғанның қызықтысы – бас киім. Бас киім темір пластинадан жасалған. Үстіне алтын жалатылған", - дейді Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институттың жетекші ғылыми қызметкері Дархан Байтілеу.

Арна мәліметінше, ақтөбелік Алтын адам Темір ауданына қарасты Тасқопа ауылы маңынан табылды. Құнды жәдігер біздің заманымызға дейінгі V-IV ғасырларға - Сармат дәуіріне жатады. Бұл жерге сол кездің патша, көсемі жерленген деп отыр. Сауыт-сайманы, басынан аяғына дейін бар киімі алтынан құйылған. Қасына жерленген атының әбзелдері де таза былғарыдан жасалып, алтынмен безендірілген.

Ғалымдар бұл қорымның сол заманнан бастап талай рет тоналғанын айтады. Соның өзінде осы күнге дейін сақталған алтын бұйымдарға шүкіршілік етіп отыр. Қазір алтын адамды сол жердің топырағымен қоса қазып алып, мұражайдың қоймасына сақтап қойыпты. Енді оны жан-жақты зерттейді. Ол үшін археологиялық институт зертханасын Ақтөбеге көшіріп әкелуі де мүмкін.

"Оның бәрін жермен бірге қазып алдық. Монолит деп айтады. Соның бәрін енді реставрациялап, қалпына келтіреміз. Өз зертханамыз бар. Бірақ оған маман керек - реставратор. Қазір оны қарап отырмыз. Мүмкін осында, Ақтөбеде жасаймыз", - дейді Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институт Нұр-Сұлтан филиалының директоры Талғат Мамиров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети