Ғани Майлыбаев Алматының мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғани Майлыбаев Алматының мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды Ғани Майлыбаев. Фото:almaty.gov.kz

Ғани Майлыбаев Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғани Майлыбаев Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалған Ғани Майлыбаев 1987 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Nur Otan партиясының Алматыдағы Бостандық аудандық филиалының бас бухгалтері қызметінен бастаған.

Түрлі жылдары партияның Алатау аудандық филиалында заң кеңесшісі, кеңесші болып жұмыс істеді.

2014-2015 жылдары Nur Otan партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

2015-2019 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2019-2020 жылдары Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болды.

Осы уақытқа дейін ол Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети