12 қыркүйек 2015 09:12

Ғарышкер Айдын Айымбетов Қарағанды облысына сәтті қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралды - бүгін таңғы сағат 06.51-де капсула Қарағанды облысына қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.


Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралды - бүгін таңғы сағат 06.51-де капсула Қарағанды облысына қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Экипаж құрамында Геннадий Падалки (Ресей), Андреас Могенсен (Дания) және қазақстандық Айдын Айымбетов бар ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.

Ғарышкерлер капсуладан шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың қан қысымдары жақсы. Ғарышкерлер шәй ішіп, апорттан дәм татты. "Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға дайынмын", - деді қазақстандық ғарышкер тілшілерге.

Айдын Айымбетовты Жерде туыстары қарсы алды. Айта кетейік, бірнеше сағаттан кейін ғарышкерді Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды, сондықтан да ол Астанаға кетеді. Ал бірнеше күннен кейін Қарағандыда ғарышкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуі мүмкін. 


© Роза Есенқұлова

Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. 4 қыркүйекте "Союз" ХҒС-мен автоматты режимде түйісті. Айдын Айымбетов ғарыштағы әсерімен Twitter арқылы бөлісіп отырды. Ол оқырмандарына видео мен суреттер жолдады.


Айдын Айымбетов, Сергей Волков және Андреас Могенсен. © РИА Новости


Айдын Айымбетов. © AFP


Айдын Айымбетов, Сергей Волков және Андреас Могенсен. © REUTERS


© REUTERS


Айдын Айымбетов ХҒС-ға ұшу кезінде. © "Роскосмос"


ХҒС экипажы. © Twitter

 © Роза Есенқұлова

 
© Роза Есенқұлова


© Роза Есенқұлова


© Роза Есенқұлова

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети