"Қазғарыш" төрағасы Талғат Мұсабаев ғылыми бағдарлама қажеттіліктері үшін Қазақстанның басқарылатын ғарышты дамытатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазғарыш" төрағасы Талғат Мұсабаев ғылыми бағдарлама қажеттіліктері үшін Қазақстанның басқарылатын ғарышты дамытатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан үш немесе одан да көп ғарышкері бар тоғыз елдің қатарына кірді. Бұл өте сирек кездесетін мамандық. (...) 55 жылда ғарыш орбитасында 500-ден астам ғана адам болды. (...) Нәжиже осы. Біз көп сөйлемейміз, біз тек жұмыс істейміз. Біз Қазақстанды әлемдегі жоғары деңгейлі 9 елдің қатарына кіргіздік", - деді Мұсабаев ОКҚ брифингінде сұрақтарға жауап бере отырып.
"Біз мамандарымызды ғарышқа ұшыруға дайындауды ары қарай да жалғастыра береміз, оның ішінде қыздар да болуы мүмкін. Ғарышкерлерді тек сандарын арттыру үшін ғарышқа жібермейміз, бізде мүмкіндік те, қаражат та жоқ. Ғарышқа "міне, тағы бір қазақ ұшты" деу үшін жібермейміз. Жұмысты ғарышта істеу керек. Соған байланысты біздің ғарышкерлер дайындалады, ал біз оны ХҒС-ға жібереміз. Сіздер дұрыс түсініңіздер, біз ғылыми бағдарлама қажеттіліктері үшін Қазақстанда басқарылатын ғарышты дамытамыз", - деді "Қазғарыш" төрағасы.
Сонымен қатар, ол құрастыру-сынау кешені құрылысының компаниялардың кесірінен тоқтап қалғанын айтты.
"Біз құрастыру-сынау кешенін салуды бастадық. Өкінішке қарай, ол тоқтап тұр. Оны 2015 жылдың соңына дейін іске қосқымыз келген. Біз бұған техникалық жағынан дайын болғанбыз. Дегенмен Қазақстанда кей нысандарды сала алатын бірде-бір құрылыс компаниясы табылмады. Онда талаптар өте қиын және бізді бас құрылыс компаниясы алдап кетті. Сондықтан да мұны 2017 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл жобаны біз франциялық фирмамен бірге жасаймыз. (...) Бұл кешенде тек бұрау құралдарын құрастырмай, арнайы конструкторлық технологиялар бюросын жасауды мақсат етіп отырмыз. Мұндай жоба ТМД аумағында жоқ. Біз әуелі Қазақстан бағдарламаларына қажетті спутниктерді жасауды, кейін шетелден тапсырыстар алуды жоспарлап отырмыз. Өкінішке орай, құрылысқа жауаптылар бізді алдап кетті", - деді ол.