Ғарышкер Айымбетов пен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшысына жаңа әскери шен берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғарышкер Айымбетов пен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшысына жаңа әскери шен берілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әскерилерге бірқатар шен мен дәреже берді, - деп хабарлайды "Казахстанская правда".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әскерилерге бірқатар шен мен дәреже берді, - деп хабарлайды "Казахстанская правда".

Жарлыққа сәйкес, Нұрлан Орманбетов авиация генерал-лейтенанты әскери атағын алды. Жандарбек Жанұзақовқа вице-адмирал әскери атағы берілді. Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-лейтенанты арнайы атағын Амантай Күренбеков алды. Сонымен қатар, генерал-майор атағын мына адамдар алды: Лут Альчекенов, Дархан Ділманов, Нұрлан Қашағанов, Сағатбек Нұрахметов, Жандос Омарқұлов және Мұхаметхал Сатов. Авиация генерал-майоры әскери атағын Айдын Айымбетов пен Нұрлан Қарбенов алды.

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атағы Әбілсейіт Дүйсебаевқа берілді. Сыртқы барлау генерал-майоры арнайы атағы Күзембек Әденовке берілді. Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнайы атағын Ардақ Әшімбекұлы алды. Полиция генерал-майоры арнайы атағын Игорь Лепехаға берілді. Сонымен қатар, Марат Қайыпжановтың, Сапарбек Нұрпейісовтің және Ұлықбек Патсаевтың мемлекеттік заң кеңесшілерінің үшінші кластық шенін алғаны хабарланып отыр. 

Жарлық аясында 43 адамның орденмен, 63 адамның медальмен марапатталғаны айтылады. Сонымен қатар, екі адам Қазақстан Республикасының құрмет грамотасын алған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети