Газа секторындағы эвакуация: Қазақстан Мысырға борт жібереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Газа секторындағы эвакуация: Қазақстан Мысырға борт жібереді Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

92 қазақстандық және олардың отбасы мүшелері Газа секторынан шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

92 қазақстандық және олардың отбасы мүшелері Газа секторынан шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асырылып, нәтижесінде "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті.

Қазақстандық дипломаттар отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді", - делінген хабарламада.

СІМ мәліметінше, ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады.

"Біздің барлық азаматтарымыз Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін ҚР Үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды", - делінген СІМ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети