Газа секторындағы қазақстандықтарды шығару үшін жұмыс жүргізіліп жатыр - СІМ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Газа секторындағы қазақстандықтарды шығару үшін жұмыс жүргізіліп жатыр - СІМ видео кадры

Бүгінде Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын шығару үшін келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі..

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын шығару үшін келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі..

Сенаттың жалпы отырысынан шыққан вице-министр Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі Газа секторындағы жерлестерімізбен тұрақты байланыста екенін жеткізді.

"Бұл аумақтан азаматтарымызды аман-есен шығарып алу үшін Мысыр үкіметімен де және басқа да ресми тұлғалармен бірлесіп, жұмыс істеп жатырмыз. Қазір 45 мемлекет өз азаматтарын шығарып алуға талпынып жатыр. Әзірге бірде-бір шетел азаматы Газа секторынан шыға алмады. Сондықтан жұмыс жалғасып жатыр", - деді Қайрат Омаров.

Оның айутынша, бүгінде Газа секторындағы жағдай өте күрделі.

"Қақтығыс аумағында еліміздің нақты неше азаматы қалғаны туралы мәліметті анықтап жатырмыз. Байланысқа шықпай жатқандары да бар. Сондай-ақ, бұған дейін аты аталмаған басқа адамдар да анықталып отыр. Сондықтан қазір нақты адам санын айту мүмкін емес. Өткізу бекеті ашылып, азаматтарды шығарып алсақ, олардың азаматтығын анықтаймыз", - деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін СІМ өкілдері Газа секторында 100-ден аса қазақстандық жүргенін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети