Мемлекеттік мүлік комитетінің өкілдері Mercedes-Benz Gelandewagen көлігінің неліктен Алматы ІІД меншігіне берілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекеттік мүлік комитетінің өкілдері Mercedes-Benz Gelandewagen көлігінің неліктен Алматы ІІД меншігіне берілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Заңнамаға сәйкес, тәркіленген мүлік балалар үйіне, қарттар үйіне, мектептер мен медициналық-әлеуметтік мекемелерге, сонымен қатар, құқық қорғау органдарына беруге рұқсат етілген. Алайда Комитеттегілердің айтуынша, жоғарыда көрсетілген меморгандардың автомобиль алуға белгілі бір шектеуі бар.
"Тәркіленген мүлікті үлестіруде құқық қорғау органдарының қызметінің түрі есепке алынады. Оларға қозғалтқыш көлемі және бір айлық жүрісі бойынша шектеу қойылмайтын автомашиналар қарастырылады. Басқа меморгандарға мұндай шектеулер бекітілген. Олардың ішінде балалар үйі, қарттар үйі, мектептер мен медициналық-әлеуметтік мекемелер", - делінген редакцияның ресми сауалына берілген жауапта.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы әкімдігінің жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелері қалалық ІІД есебінде қымбат көліктердің барына наразылық білдірген болатын. Олардың пікірінше, қымбат көліктердің шығыны да көп болады. Кеңес мүшелері мұндай көліктерді сатып, арзан көлік құралын сатып алуды ұсынған еді. Алайда Мемлекеттік мүлік комитетіндегілер Mercedes-Benz Gelandewagen көлігін Алматы ІІД балансына берудің алдында оның сатуға аукционның жарияланғанын түсіндірді.
"Mercedes-Benz маркалы автомашина Алматы қалалық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің есебіне қойылды. Комиссияның 2015 жылдың 22 қазанындағы қорытындысына сәйкес, көлік ағылшын әдісі бойынша саудаға қойылды. Өтініштер болмағандықтан, сауда алып тасталды. Осыдан кейін Комитет Алматы қалалық ішкі істер департаментіне хат жазды. Оның арнайы құралдармен жабдықталмағандығы себепті, автокөлік ІІД алып жүру бөлімшесіне тіркелді", - деп қорытындылады ведомстводағылар.
© motor.kz
Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желілерде таралған Gelandewagen көлігінің шын мәнінде полицияның есебінде бар болып шыққаны хабарланған еді.