17 ақпан 2020 | 15:19

Генерал-майор Нұржан Мұқанов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 ақпанда Бас штаб басшысы - Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары Нұржан Мұқанов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

16 ақпанда Бас штаб басшысы - Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары Нұржан Мұқанов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өмірінің көп бөлігін әскери қызметке арнаған ол өзін талантты басшы және өз ісінің маманы ретінде көрсете білді. Табандылығы, кішіпейілдігі мен әділдігінің арқасында өз әріптестерінің арасында құрметке ие болды. Нұржан Мұқановтың еңбегі Қазақстан армиясының тарихында мәңгі қалады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы генерал-майордың туған-туыстарына көңіл айтады",-деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Нұржан Мұқанов 1968 жылы 15 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келген.

1990 жылы Днепропетровск жоғары зениттік-ракеталық командалық Әуе қорғанысы училищесін бітірді. 2000 жылы Жуков атындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясын бітірді. 2010 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдады.

2011 жылғы 16 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қарулы күштер әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

2014 жылы оған генерал-майор атағы берілді.

2016 жылғы 23 желтоқсанда басқа лауазымға ауысуына байланысты қызметінен босатылды. 2016 жылғы 30 желтоқсанда Қорғаныс министрінің бұйрығымен Бас штаб бастығы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети