"Генералдар кеңесі" Республикалық қоғамдық бірлестігі ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевқа "Халық Қаһарманы" атағын беру туралы өтініш жасады,- деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі. Бұл ұсынысты генерал-майор Махмұт Телеғұсов кеңес төралқасы отырысында айтты.
"Генералдар кеңесі" Республикалық қоғамдық бірлестігі ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевқа "Халық Қаһарманы" атағын беру туралы өтініш жасады,- деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі. Бұл ұсынысты генерал-майор Махмұт Телеғұсов кеңес төралқасы отырысында айтты.
Оған қоса, төралқа кеңесі Борис Керімбаевқа Қапшағай аумағында орналасқан (бұрын 22 арнайы бригадасы орналасқан жер) әуе-десанттық бригадаға Борис Керімбаевтың атын беруді ұсынды. Ауған соғысынан кейін ол жерде Қара майор басқарған. Қоғамдық бірлестік Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке Қара майордың аты ұмытылмауы үшін, қаладағы көшелер мен мектептердің біріне оның атын беруді сұрады. Сондай-ақ олар оның аты берілген жерге ауған соғысының жауынгері мүсінін қоюды сұрады.
"Біз алматылықтардың өтінішін жеткіздік, олардың ішінде интернационалист-жауынгерлер, әскери қызмет және құқық қорғау органдарының атынан. Еліміздің және Алматының басшылығы полковник Борис Керімбаевты лайықты түрде бағалайды деп ойлаймыз", - деді "Генералдар кеңесінің" өкілдері.
Осыған дейін "Генералдар кеңесі" екі мәрте Үкімет пен ҚР Президент әкімшілігіне Қара майорға Халық Қаһарманы" атағы берілсін деп өтініш жасаған. Айта кетер болсақ, 2013 жылы Ауғанстаннан әскердің шығуының 25 жылдығы мен 2016 жылы соғыстың аяқталуының 70 жылдығына орай.
Борис Керімбаев 2019 жылдың 12 ақпанында қайтыс болды.
Қара және айбатты майор деген атты Керімбаев "мұсылмандар" батальонының командирі болған кезде алған және ол ат өмір бойы оны артында орнығып қалды. 177 бөлек арнайы жасағы (ГРУ-ға қарасты) 22 (АЖБО) негізіндегі ҚазССР Алматы облысы Қапшағайда қаласында құрылған. 177 бөлек арнайы жасағының қызметі барлау, тосқауыл операция және ашық соғтығысуға қатысудан тұрған. 1982 жылы арнайы жасақ Панджшар шатқалында орналасып, Ахмад Шах Масудтың жасауының көптігіне қарамастан қимыл жасауға мүмкіндік бермеген. Керимбаев соғыс шығындары ең аз командирлердің біріншісі болған