18 ақпан 2014 16:26

Геннадий Головкин әкесінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Боксшы ата-анасымен бірге. ©Vesti.kz Боксшы ата-анасымен бірге. ©Vesti.kz

Қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкиннің әкесі қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Боксшының әкесі 69 жасында өмірден өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, үлкен Геннадий Головкиннің жүрегі тоқтап қалған. Тengrinews.kz ұжымы боксшы мен оның отбасына қайғырып, көңіл айтады. Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында кәсіби боксшы Геннадийдің өз отбасы жөнінде айтқаны қанатты сөзге айналып кеткен еді. "Менен ұлтың кім деп сұраса, мен "әкем - орыс, анам - корей қызы, ал мен қазақпын!" деймін. Менің барлық жеңісім еліме, халқыма, Президентіме арналады!" деген болатын даңқты боксшы. Геннадий Головкин WBA және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы. Кезінде Афины Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды. Ол 2 ақпан күні Монакода Гана боксшысы Осуману Адамамен жұдырықтасып, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген болатын. Сөйтіп, әлемнің ең мықты боксшысы өзінің 29-шы жеңісіне қол жеткізді. Геннадийдің келесі жекпе-жегі сәуірдің 26-сы күні АҚШ-та өтеді, қарсыласы - ирландиялық Энди Ли.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети