Үкіметтің бүгінгі отырысында 2015-2019 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевқа сілтеме жасап.

"Бұған дейінгі бесжылдық бағдарламаға шамамен 40 миллиард теңге бөлінсе, осы жолы Үкімет геологиялық барлау жұмыстарына 161 миллиардтай теңге бөлді. Соның ішінде 119 миллиард теңгені геология комитеті игереді. Ал "Ақбұлақ" бағдарламасы аясында 42 миллиард теңге игерілетін болады", - деп атап көрсетті Н.Сауранбаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Вице-министрдің айтуынша, геологиялық барлау жұмыстары барысында жаңа ресурстарды анықтауға негізгі басымдық берілмек. "Қазір бізде көмір және темір сияқты қазба байлықтарының қоры әлі де 300-500 жылға жетеді. Демек, ол жағынан алаңдамауға болады. Қазақстан үшін алдағы 50-60 жылда қажет болатын ресурстарды анықтаған маңызды. Олар - алтын, сирек кездесетін металдар, мыс және тағысын тағы. Сондықтан осы саладағы жұмыстар негізгі екі-үш аймақта жүргізілетін болады", - деп атап көрсетті Н.Сауранбаев.