21 мамыр 2015 14:03

Герман Греф: Қазақстанда валютаның құбылмалы бағамына өтудің алдын алу мүмкін емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ресей жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы Герман Греф. ©Tengrinews.kz "Ресей жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы Герман Греф. ©Tengrinews.kz

"Ресей жинақ банкі" басқарма төрағасы Герман Греф Қазақстанда валютаның құбылмалы бағамына өтудің алдын алу мүмкін емес деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ресей жинақ банкі" басқарма төрағасы Герман Греф Қазақстанда валютаның құбылмалы бағамына өтудің алдын алу мүмкін емес деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің Ұлттық банктегі команда кәсіби адамдардан тұратынын білесіздер, оның өз ретімен инфляциялық таргеттеу саясатына және құбылмалы бағамға келе жатқаны шындық. Меніңше, болашақта оның алдын алу мүмкін емес, Орталық банктегі өз ісін білетін адамдарды есепке ала отырып, осы бағытта аз ғана кезеңде дамуды көреміз деп ойлаймын. Және, әрине, біз көрген, Қазақстан экономикасына соққы болған валютаның түсуі болашақта қайталанбайды деп ойлаймын", - деді Греф Астана экономикалық форумында тілшілердің сұраған жауап беру кезінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресейдегі қаржы секторы кейбір қиындықтарды өткеріп отыр. 

"Ресейде қазір қиын кезең, Қазақстан банк секторы да жақсы жағдайда емес: өнеркәсіп өндірісінің осындай құлауы, мұнай бағасының төмендеуі. Қазақстанның сауда бойынша екі басты серіктесі - Ресей мен Еуразиялық одақ, онда да, проблемалар бар, осының барлығы Қазақстан экономикасына әсер етті. Сондықтан қаржы секторында қиындықтар бар, өтімділік бойынша қиындықтар бар, меніңше, бұл қазақстандық барлық секторға үлкен сынақ. "Ресей жинақ банкіне" келсек, бізде де қиындықтар бар, бірақ өзімізді сенімді сезінеміз, барлық жобаны қаржыландырып отырмыз, табысты болып қалып отырмыз. Биыл табыс алуды жоспарлап отырмыз. Қазақстанда бізде үлкен проблемалар жоқ", - деді Греф БАҚ өкілдеріне берген жауабы кезінде. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құбылмалы теңгеге өту тек бес жылдан кейін мүмкін болатынын айтқан еді. "Біз қазіргі уақытта еркін құбылмалы теңгемен - таргеттеумен жұмыс істеп жатырмыз, бұл бұл күрделі мәселе, біз оны ХВҚ-мен шешіп жатырмыз, бұл бес жылдан кейін ғана болады", - деген еді Назарбаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети